Ел тынысы

Полиция күніне орай “Менің – әкем полицей” челенджі өткізілді

Қазақстан Республикасы полиция күніне орай Патрульдік полиция полкі “Менің – әкем полицей” челенджін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бұл челенджде полиция қатарында қызмет атқаратын қызметкерлердің өсіп келе жатқан ұл-қыздары өздерінің ата-аналарының полиция қатарында қызмет атқаратынын мақтан етеді.

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын.

Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.

Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.

Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімін білдіру күні.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button