Ел тынысы

Президент білім алған қытайлық университеттің филиалы Астанада ашылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын мәлімдеді. Бұл ЖОО-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«ҚХР төрағасының сапары аясында бізде Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Бұл –Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Оны «Қытайдағы БҰҰ» деп те атайды. Бұл университеттің бас түлегі – біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент сол жерде қытай тілін үйренген. Ресми ашылу шілде айының басында болады және мұнда алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Бұл – TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Сондықтан қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады», – деді министр Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, жаңа университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button