Ел тынысы

Псориаздың алдын алу бойынша «Ашық есік күні» өтті



Елордадағы №11 емханада псориаздың және қызыл жегінің алдын алу және емдеу бойынша «Ашық есік күні»өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны lupus қауымдастығының дәрігерлері өткізді. Ашық есік күніне псориаз және қызыл жегі ауруларына шалдыққан пациенттер келді.

Жүйелі қызыл жегі – созылмалы аутоиммунды ауру. Ол ағзаға, әсіресе, теріге, буындарға, қантүзілім жүйесіне, бүйрекке және орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Кейде қызыл жегі отбасылық сипатта болуы мүмкін, сондықтан бұл аурудың даму ықтималдығы артады. Ол жұқпалы ауру емес.

Қызыл жегімен ауыратын адамдар емделе бастағаннан кейін олар қалыпты өмір сүре алады. Аурудың беті қайта бастаған кезден тұрақты түрде жаттығулар жасаған дұрыс. Жаяу, велосипед тебу, жүзу және басқа аэробты спорт түрлері немесе ашық ауада серуендеген жөн. Қызыл жегімен ауыратын науқастар дұрыс тамақтануы керек. Ауру өршіп кетпес үшін науқас күн сәулесінен қорғайтын крем жағып, вирустық инфекциялар, стресс, гормоналды және басқа да дәрі-дәрмектерден аулақ болғаны жөн.

Ал, псориаз – бұл кең таралған терінің қызауымен және тітіркенуімен көрінетін тері ауруы. Псориазбен ауыратын көптеген адамдарда терісінің қалыңдауы, қызаруы және теріде қатпарланған қабыршақтанған ақшыл-жылтыр дақтар пайда болады.

Псориазбен 15-35 жас аралығында кез келген адам ауруы мүмкін. Адам псориазды біреуден жұқтырып ала алмайды және айналасына жұқтыра алмайды. Псориаз тұқым қуалау арқылы беріледі. Дәрігерлер аутоиммунды ретінде санайды. Иммундық жүйе қателесіп, ағзаның сау тіндерін бұзып қабынуын шақырады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button