Ел тынысы

Psy talks: «Бала психологиясы»

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында қалалық Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бала психологиясы» тақырыбында Psy talks өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіне қатысты психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру.

Елордада өткен жиынға Астана қаласы Білім басқармасының өкілі, Қазақ Ұлттық хореография академиясының ғалымдары, Қазақстандық жас ғалымдар, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының өкілдері, Әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты. Спикерлер қатысушылармен диалог алаңын құрып, бала тәрбиесі, бала психологиясына қатысты сұрақтарына ашық жауап берді.

Сонымен қатар, мектеп директоры мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті нәтижесінде оқушысының жеткен жетістігі жайлы ой бөлісті.

«Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Әрбір ұстаз ата аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс істесе, ата ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасы өзгерер еді», – дейді №68 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Райгүл Сайлаубаева.

Жиын барысында Астана қаласы Білім басқармасының Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Диана Амангелдіқызы алғы сөз сөйледі. PhD Балабек Сақтағанов «Тұлғалық құндылықтарды дамытудың психологиялық аспектілері» тақырыбында қызықты баяндама жасады.

Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шарадан заманауи бала психологиясы жайлы жаңа ақпараттар алып, қызықты тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button