Ел тынысы

Қабанбай батыр-Бұқар жырау қиылысы жөндеуге жабылады

Қабанбай батыр-Бұқар жырау көшелерінің қиылысы уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 4-5 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген учаскеде 4-5 маусым аралығында көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button