Ел тынысы

Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылды

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 1-3 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылының Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Осы күндері жоғарыда аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.

Сондай-ақ, осы жылдың 2 маусымы күні сағат 7:00-ден 3 маусымы сағат 7:00-ге дейін Керей-Жәнібек хандары көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында көлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button