Ел тынысы

Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жабылады

Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 3-4 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Жөндеу жұмысына байланысты көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button