Ел тынысы

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды



Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылында, атап айтқанда, дөңгелек алаңның үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осы жылдың 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылады.

Бұл ретте Сығанақ көшесі ашық күйінде қалып отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button