Ел тынысы

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеуге жабылды



Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеуге жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қонаев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша жұмыстар тоқтатылды. Осы жылдың 24 мамырынан бастап аталған жол учаскесі ашылды.

Алайда осы жылдың 28-30 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қонаев пен Сығанақ көшелерінің арасындағы учаскесі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу үшін толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр/ Қонаев және Қабанбай батыр/Сығанақ қиылыстары ашылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button