Ел тынысы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді



Қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2024 жылы 6 мамырда сағат 11.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласында ақпараттық-бағдарламалық фотобейнетіркеу және бейнеталдау кешенін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 171/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелерін келісу туралы.
  4. «Астана қаласының аумағында бөлшек салықтың мөлшерін төмендету туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 50/5-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. 6. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36″, – делінген хабарламада.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button