Қала мен Сала

Қар тазалауға атсалысты



Астаналық волонтерлер жалғызбасты зейнеткерлер мен қарттар үйінің ауласын қардан тазалауға көмектесті. Шара қаланың 5 ауданында жүргізіледі.

Ауа райының бұзылуына байла­нысты толассыз жауған қар жеке тұрғын үй секторында тұратындарға, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана жастары» мен «Жастар рухы» волонтерлері әзірше елорданың 2 ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

Еріктілер жалғыз тұратын қарт кісілердің ауласының қарын күреуді, үй шаруасына қолғабыс білдіруді дәстүрге айналдырып келеді. Кезекті акция барысында волонтерлер қала тұрғыны Галина Вербовскаяның ауласындағы қарды күреп, зейнеткердің алғысын алды.

«Мұндай көмек болғаны қандай тамаша! Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады. Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек, әрине, қиын болар еді» деді зейнеткер.

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға көмектесіп, коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ таратты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button