Ел тынысы

Қараөткел көпірі жөндеуге ішінара жабылады

Қараөткел көпірі жөндеуге ішінара жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден 1 шілде сағат 06:00-ге дейін Қараөткел көпіріне Қабанбай батыр даңғылы мен А.Бараев көшесі тарапынан жартылай жабылатын тәсілдермен орташа жөндеу жүргізетін болады.

Жөндеу жүргізу кезінде 5 маусымнан 1 шілдеге дейін жоғарыда көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да тораптардың бірі бойынша жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button