Денсаулық

Қатерлі ісік қауіпті

Елімізде қатерлі ісік диагнозы жыл сайын орта есеппен 600-ге жуық балаға қойылады. Өткен жылы алғаш рет 39 мыңнан астам балалар онкологиялық аурумен тіркелген.

Балалар онкологиясы – медицинаның күрделі салаларының бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 400 мыңнан астам бала мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімге обыр диагнозы қойылады. Бұл ретте жыл сайын 100 мыңға жуық бала обырдан қайтыс болады. Балалар обыры ересектер обырынан статистикасы мен құрылымы бойынша көп жағынан ерекшеленеді. Ересектердің арасындағы өкпе, сүт безі, ішек, қуық және тағы басқа сияқты таралған онкологиялық аурулар іс жүзінде балаларда өте сирек кездеседі. Елімізде балалардағы қатерлі ісік құрылымында бірінші орында қан өндіру жүйенің аурулары – 39%, бұдан әрі орталық нерв жүйе­сінің ісіктері – 14%, жұмсақ тіндердің ісіктері – 9%, ішперде арты кеңістігінің ісіктері – 8%, бүйрек ісіктері мен лимфомалар 6% тұр. Балалардағы онкологиялық ауруларды емдеудің нәтижесі көптеген факторларға байланысты, олардың бірі – уақтылы диагноз қою. Сондықтан балалардың онкологиялық ауруларының белгілері бойынша ақпарат тарату және сонымен бірге осы аурулардың көпшілігі бүгінде емделетінін көпшілікке жеткізу маңызды. Елімізде балалар арасындағы онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші жылма-жыл артып келеді. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 41,4%-дан 52%-ға дейін өсті. Жылына орташа есеппен 500-600 баладан онкогематологиялық патология анықталады, оның 33%-ы – 3 пен 10 жас аралығындағы балалар. Балалардың қатерлі ісік табылғаннан кейін 5 жылдан ұзақ өмір сүру көрсеткіші 74,6%-ға дейін артты. Балалардағы онкологияның ең көп таралған түрі – қатерлі ісік ауруының жалпы санының 39,3%-ын құрайтын жіті лейкемия. Онкологиялық патологиясы бар 107 баланың қабылдап жатқан негізгі емі – химиотерапия, ал хирургиялық ем түрлері Астана мен Алматы қалаларында жүргізілуі. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың кейбір онкологиялық аурулары кезінде емдеудің тиімділігі 70-90 пайызды құрайды. Сондай-ақ қатерлі ісіктің генетикалық ақаулардың нәтижесінде пайда болатын түрлері де бар және оларды емдеу нәтижелері әлі де жоғары емес.

Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 41,4%-дан 52%-ға дейін өсті. Жылына орташа есеппен 500-600 баладан онкогематологиялық патология анықталады, оның 33%-ы – 3 пен 10 жас аралығындағы балалар. ­Балалардың қатерлі ісік табылғаннан кейін 5 жылдан ұзақ өмір сүру көрсеткіші 74,6%-ға дейін артты. Балалардағы онкологияның ең көп таралған түрі – қатерлі ісік ауруы­ның жалпы санының 39,3%-ын құрайтын жіті лейкемия

Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық орталығының – Диана Мусина балалар онкогематологы. Оның айтуынша, балалар онкологиясының жалпы құрылымында ми ісіктері, нейробластомалар, лимфомалар және ретинобластомалар басым науқастарда жиі кездеседі. «Алғашқы белгілер ісік түріне байланысты. Көбінесе симптомдар жиі кездесетін: бұл әлсіздік, жиі суық тию, белгілі бір жерде ауырсыну болуы мүмкін, ол іш, буындар немесе аяқтар, қолдар, зәрдегі қан, тіпті қарапайым бас ауруы болуы мүмкін. Барлық белгілер нақты емес» дейді Диана Қайдарқызы. Оның пікірінше, ата-ана баласын салалық мамандардың уақтылы тексерулерінен өтіп, қадағалау керек. Дәрігерлердің, тұрғылықты жеріндегі педиатрлардың, әсіресе балалардағы қатерлі ісіктің ерте диагнозын, тіпті қарапайым болып көрінетін белгілерге анықтайтын кезде назар аудару керек.

«Өкінішке қарай, ісіктер өзгереді және оларды емдеу бұрынғыға қарағанда ауыр, кейде мүлдем көмектеспейді. Тіпті емделгеннен кейін де қайталануы мүмкін. Тағы да, айтып кетейін, әрине, ісік түріне, процестің сатысы мен таралуына байланысты. Біз ешқашан қалпына келтіруге 100% уәде бермейміз. Өйткені емдеу кезінде балалар ісіктің өзінен емес, химиотерапияның асқынуларынан қайтыс болады. Бұл иммунитетті басу, онда бактерия­лық немесе вирустық инфекция қосылады. Емдеудің 30%-ы көңіл-күй, диета және күтімге байланысты» дейді ­Диана Мусина.

Жалпы, жас баладан онкологиялық ауруды анықтау өте қиын. Сондықтан ата-аналар балаларының денсаулығына өте мұқият болу керек. Қатерлі ісік терапиясының тиімділігі уақытылы диагноз қоюға байланысты екенін есте ұстаған жөн.

Зере АМАНГЕЛДИНОВА,

Astana IT University-нің студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button