Ел тынысы

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинокартинасы Исламабадта көрсетілді



Пәкістан ұлттық Өнер кеңесінде Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігімен бірлесіп урду тіліне аударылған «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихы фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Пәкістанның ақпарат және телерадиотарату, ұлттық мұра және мәдениет министрі Атаулла Тарар қатысты.

Сәлемдесу сөзінде пәкістандық саясаткер екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытудың маңыздылығын, осындай іс-шаралар азаматтардың өзара түсініспеушілігі мен қарым-қатынасын нығайтатынын атап өтті.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин мәдени ынтымақтастық бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы, Пәкістан мен Қазақстанда да осындай іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру ниетін білдірді. Осы жылы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспары туралы айтты.

Фильмнің көрсетіліміне Пәкістанның ресми, іскерлік, академиялық, шығармашылық орта өкілдері шақырылды. Фильмнің көрсетілімі пәкістандық көрермендердің зор ілтипатымен аяқталды.

Іс-шара қонақтары кино индустрия саласындағы қазақ шеберлерінің жұмысын жоғары бағалап, екі ел мәдениеті мен дәстүрінің ортақ тұстарын атап өтті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button