Ел тынысы

Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтті

Астана қаласында «Жасыл экономика» және «G-Global» дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, квазимемлекеттік сектор және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум шеңберінде ауылдағы әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолдарын, оның ішінде ауыл үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мәселелері талқыланды.

Ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар қаралды.

Форумға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен
Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қатысты.

Өз сөзінде ол өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда әйелдер арасында жалпы жұмыспен қамту 86,9 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлер (72,3 мың адам) және өз бетінше жұмыспен қамтылғандар
(14,5 мың адам) есебінен өскенін атап өтті.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында – 876,9 мың, көтерме және бөлшек сауда саласында – 853,2 мың, денсаулық сақтау саласында – 413,5 мың, орман және балық шаруашылығы саласында – 389,7 мың адам жұмыс істейді

Әйелдердің ең аз саны – 34,2 мың адам сумен жабдықтау саласында жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың басынан бері 111,5 мың әйел жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысты. Оның ішінде 82,8 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 20,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button