Ел тынысы

Қазақстан құстары туралы жаңа кітап шықты

12 маусымда елордада «Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» атты кітаптың ресми тұсаукесері өтті. Бұл – 2014 жылы Қазақстан құстарды қорғау одағының бастамасымен орыс тілінде шыққан кітаптың аудармасы. Онда ел аумағында тұратын құстардың 516 түрі туралы мәліметтер бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Авторлар ұжымы – Қазақстандағы құстарды бірнеше жылдан бері зерттеп жүрген кәсіби орнитологтер: Анатолий Ковшарь, Виктория Ковшарь, Николай Берёзовиков. Анықтағыштағы құстардың суреттерінің авторы – Вадим Рябицев. Кітапты қазақ тіліне аударғандар – белгілі кәсіби зоологтер, қазақ тіліндегі зоология оқулықтарының авторлары Бірлікбай Есжанов пен Қылышбек Мұсабеков.

«Шынымды айтсам, мен 50 жылдан астам уақыт бойы құстармен айналыстым. Егер кітаптың артқы жағына қарасаңыз, автор суреттері бар. Екінші автор – әкем Анатолий Ковшарь. Ол мені алғаш рет 9 жасымда құстарды зерттеуге арналған экспедицияға апарды. Жалпы, менің бүкіл өмірім тек құстармен байланысты», – дейді Виктория Ковшарь.

Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы – 1 000, қазақ тіліндегі нұсқасы 2000 дана.

«Қазақстан ғылымы қазақ тілінде тағы бір құнды басылыммен толықты. Бұл кітап Қазақстанда мекендейтін барлық құстарды анықтауға көмектесіп қана қоймай, оқырманға біздің орнитофаунамыз туралы көптеген қосымша ақпарат береді. Анықтағыштың қазақ тіліндегі басылымын шығару – АСБК мамандарының зор еңбегі», – дейді Бірлікбай Есжанов.

Фото: Камила Мүлік
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button