Ел тынысы

Қазақстан-Қытай: теміржолмен жүк тасымалы 12% өсті

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 12% өсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың бес айында Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Бұл ретте экспорт 17%, ЯҒНИ 8 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6% артты.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша Алтынкөл – Қорғас станциялары арасында жүктерді тасымалдау өткен жылғы деңгейге қарағанда 7%, 5,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 7,4 млн тонна жүк берілсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17% жоғары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button