Ел тынысы

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы басталды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын, түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 9-байқауына өтінімдерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2014 жылдан бастап байқау қазақстандық болмыстың әртүрлі аспектілерін барынша креативті, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың жазба және бейнематериалдарын іріктейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер сапалы контентті ұсынуда неғұрлым маңызды рөл аткаруда, сондықтан біз блогерлер мен әлеуметтік платформалардың белсенді пайдаланушыларының Қазақстанға бірегей көзқарасымен бөлісуге қатысуын шын жүректен құптаймыз.

Байқауға қатысуға 2023 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 1 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық (аналитикалық, мәдени ойын-сауық, деректі және т.б.) материалдарды қамтитын өтініштер қабылданады.

Жеңімпаздар Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысына сапар шегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.

Биыл «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығы, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі», Ұлттық спорт Қауымдастығы және «Jibek Joly» Ұлттық телеарнасы байқаудың серіктестері атанды.

Негізгі тақырыптан басқа осы жылы «KazAID» және Ұлттық спорт Қауымдастығы атынан жаңа номинациялар ұсынылады, олардың аясында екі жеңімпаз айқындалатын болады.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

– Солтүстік және Оңтүстік Америка;

– Еуропа;

– ТМД;

– Таяу Шығыс және Африка;

– Азия-Тынық мұхит өңірі

және туризм, АӨСШК, «KazAID» пен ұлттық спорт түрлері тақырыптарына қатысты номинациялар бойынша төрт лауреат.

Сонымен бірге, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады.

Байқау жеңімпаздарының құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстанның Бас редакторлар клубының, «Kazakh Tourism», АӨСШК, «KazAID», Ұлттық спорт Қауымдастығының, сондай-ақ «Jibek Joly» телеарнасының басшылары мен жауапты қызметкерлері кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады.

Барлық жұмыстар 2024 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей mediacontest2024@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2024 жылғы 5 тамызға дейін жариялау жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін mediacontest2024@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 жұмыс телефонына хабарласуға болады.

Өтінім нысаны

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауның қатысу ережелері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button