Ел тынысы

Қазақстанда 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді



Денсаулық сақтау министрлігі есірткіге тәуелді адамдар бойынша ресми деректерді жариялады 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Психоактивті заттарды пайдалану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен 108 мың 722 адам динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 18 329-ы – есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді. ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Анжела Бексұлтанова осындай деректерді келтірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Нашақорлардың 91% (16 817) – ерлер, 9% (1 512) – әйелдер, 2 734 (15%) – 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, 66 – балалар мен жасөспірімдер. Өкінішке орай, ресми статистикада елдегі есірткіге тәуелді адамдардың нақты санын көрсетілмеген. Өйткені бұл көрсеткіш латентті болып табылады. Көптеген нашақорлар өздерінің жағдайын жасырады», – деді спикер.

2023 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында есірткіге тәуелді 3 534 науқас емделді.

«20 жылдан бері нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы іске асырылып келеді, оған детоксикация, психотерапиялық және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Биыл медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерін Абай, Ұлытау, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында ашу жоспарлануда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button