Ел тынысы

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтті 

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында бүгін Жезқазған қаласында қаланың «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жария талқылаулар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жария талқылауларға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясының, шағын, орта және ірі бизнестің, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, экологтар, энергетиктер және т.б. қатысты.

Спикерлер ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды іске қосуды қажет етеді. Энергетика секторында қолданылатын технологияларды дамытудың ағымдағы деңгейі жағдайында АЭС шығатын қуаттарды ауыстырудың ең перспективалы шешімі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар. Елде шикізат пен өндірістік базаның болуы атом энергетикасын дамытудың барлық алғышарттарын жасайды.

Аталған іс-шарада жергілікті тұрғындар экология, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, реактордың қауіпсіздігі, кадрлар даярлау бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button