Ел тынысы

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы өседі



Былтыр қыркүйекте 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттердің стипендиясы тағы 50%-ға артады, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – деді Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button