Ел тынысы

Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері пайда болды



Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда тағы бес полиция бөлімін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осылайша министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанда мынадай ведомстволарды құру туралы шешім қабылдады:

  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі;
  2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі;
  3. Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі;
  4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының полиция департаментінің Мақаншы аудандық полиция бөлімі;
  5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі.

Сондай-ақ бұл құжатта ІІМ Абай облысы полиция департаментінің емхана госпиталі құрылатыны жазылған.

Құрылатын басқармалар республикалық және жергілікті бюджеттерде Ішкі істер министрлігіне бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылмақ.

Ішкі істер министрлігіне Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, барлық қажетті шараны қабылдау тапсырылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button