Ел тынысы

Қазақстанда жылына 1 мың жетім бала асырап алынады



Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Тәлімгерлік институты енгізілді: 300 жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

«Мемлекеттің басым міндеті – балаларды көшедегі, үйдегі және мектептегі қауіпті жағдайлардан қорғау. Сондықтан балалар объектілерінде бұрын-соңды болмаған кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 100%-ы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіліп, ЖБО-ға қосылды, лицензияланған күзет қойылып, дабыл түймелері орнатылды», – деді спикер.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button