Ел тынысы

Қазақстандық жасыл стартап – үздік жобалар қатарында

Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

6 маусымда Вена қаласында өткен Cleantech Days 2024 жаһандық форумы аясында жасыл жобалар байқауы ұйымдастырылды, онда қазақстандық стартап – Ozen-M әлемнің түкпір-түкпірінен келген 22 команда ішінде 2-орынды иеленді. Қазақстан ұсынған екінші жоба Re-Compo ТОП-6 финалшылар тізіміне кірді.

Ozen-M – нақты уақыт режимінде өзендер мен көлдердің жағдайын бақылауға арналған интерактивті картасы бар веб-қосымшасы. Әзірлеме пайдаланушыларға су ресурстарын тиімді басқару мақсатында негізгі өзеннің және оның салаларының ағынын, сондай-ақ өзен бассейніндегі негізгі гидротехникалық құрылыстардың орналасуын схемалық түрде көруге мүмкіндік береді.

Ozen-M тең негізін қалаушысы Айгерім Нұрмағамбетова былай деді: «Бізге, әсіресе GCIP Kazakhstan-ға сенгеніңіз үшін көп рахмет, оның қолдауы біздің жобамыз үшін өте құнды болды. Біз бақылау платформасының бөлігі ретінде үлкен деректермен жұмыс істеп жатырмыз және деректер – жаңа мұнай екенін айтуымыз керек. Бағалы әрі көп ізденуді қажет етеді».

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button