Ел тынысы
Қазақстанға қай елдердің азаматтары жиі келеді?
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/05/migranttar-maselesi-alangdatady-780x470.jpg)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға қай елдердің азаматтары жиі келетінін атады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елге кіргендердің ең көп пайызы Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары екен.
Комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында Қазақстан аумағына мына елдерден тұрғындар келген:
- Өзбекстан Республикасы – 1 598 656 адам;
- Қырғыз Республикасы – 1 015 553 адам;
- Ресей Федерациясы – 854 937 адам;
- Тәжікстан Республикасы – 332 177 адам;
- Беларусь Республикасы – 47 342 адам;
- Әзербайжан Республикасы – 30550 адам;
- Түрікменстан – 9671 адам;
- Украина – 9018 адам;
- Армения Республикасы – 5194 адам;
- Молдова Республикасы – 3059 адам.
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елге келушілер орта есеппен 6,5 пайызға өскені байқалады. Шетелдіктердің айтуынша, олар Қазақстанға көлік құралдары қызметі бойынша немесе транзитпен кіреді.