Басты ақпаратМәдениет

Қазақтың Ғаpифолласы

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры биылғы маусымды Қаз КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған «Әнші дауысы» атты концертпен қорытындылады. Аталмыш кеш «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында өтті.

Концерттің әлқиссасы автордың «Сәлем» әнімен басталып, әрі қарай өнер иесінің орындауымен жеткен Біржан сал, Мұхиттың әндерімен жалғасын тапты. Ән кешінде астаналық филармонияның дәстүрлі әншілері де өнер көрсетті. Атап айтқанда, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартүйе, Айнұр Қонысбаева, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай, Зинат Қасымова және т. б.

Бала күнінен ән өнеріне жаны жақын болған Ғаpифолла Құрманғалиев – қазақ руханиятына теңдессіз үлес қосқан тұлға. Оның әндерін орындап жүрген бүгінгі рухани шәкірттері біртуар өнер иесінің артына қалдырған мұралары қазақ мәдениетіне қосылған қазына екенін айтады.

– Ғаpифолла Құрманғалиевті халық рух­ты әнші, жарқылдаған терме мен желдірменің қайталанбас орындаушысы ретінде таниды. Сонымен қатар ол кісі бақытты өнер иесі болды. Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атақтарын иеленген оның қазақ мәдениеті­не сіңірген еңбегі орасан зор. Әншілік өнерімен қатар, ол кісінің жыршылығы да біртөбе еді. Тірі кезінде Аралбай, Мaxaмбeт, Capтай, Сaғымқoжа, Құмapдың қалдырып кеткен толғау-термесін орындап, елге жеткізді. Тыңдаушының алпыс екі тамырын идіріп, құлақ құрышын қандырды. Ол Махамбеттің өр өлеңдерінен жан дүниесінің жақындығын тапты. Сол ұрпақ сабақ­тастығы бүгінде өз жалғасын табуда, – дейді концертте ән салған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина.

Шапағат ӘБДІР

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button