Ел тынысы

«Бөтелке жинап, кофе ал»



Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Оның аясында Сарыарқа ауданының әкімдігі «Бөтелкелерді жинап, кофе ал» атты ерекше акциясын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты бөлім басшысының міндетін атқарушы Дамир Хисматуллиннің айтуынша, акция қоқысты бөлек жинау және бөтелкелерді одан әрі өңдеу процесіне мүмкіндігінше көп адамды жұмылдыру үшін өткізіледі.

«Бөтелкелерді жинап, кофе ал» акциясының басты мақсаты пластмасса, қалайы және шыны бұйымдарды қайта өңдеу мәселесін насихаттау үшін, сондай-ақ халықты бөтелкелерді бөлек жинау және одан әрі қайта өңдеу процесіне қатысуға қызықтыру болып саналады. Акция аясында пластмасса, қалайы және шыны бөтелкелер қабылданады. Сонымен, кофеге айырбастау үшін сізге 50 пластик, 30 қалайы немесе 15 шыны бөтелке қажет. Кофеге айырбастау – бұл адамдарды қызықтыру үшін символдық ынталандыру», – деді ол.

Бөтелкелерді тапсырғаннан кейін оларға сусын алуға болатын жерге сертификат беріледі. Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды тазарту, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысы жүргізіліп жатыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button