Ел тынысы

Құрбан айтта Астанада автобуста жүру тегін болады

16 маусым – Құрбан айт мерекесінде Астанада автобуста жүру тегін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен, алдағы «Құрбан айт» мерекесінде, яғни 16 маусымда елорданың қоғамдық көліктерінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады.

Түнгі №№ 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Бұл бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button