Елорда тынысы

Қуанышқа кенелді



Бас қалада «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Нұра ауданы әкімі аппаратының, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Теннис федерация­сы» астаналық филиалының және Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжінің қолдауымен өткен «Бақытты бала» іс-шарасы көптеген баланың көңіл күйін көтерді.

Мерекелік іс-шараға «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының тәрбиесіндегі балалар мен олардың ата-­анасы қатысты. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін шеберлік сабақтары, арбамен жүретін балалар марафоны, теннис және басқа да спорт түрлері бойынша сайыстар өтті. Сондай-ақ мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының жетекшісі Ботагөз Сұлтанова мерекеге қатысушы балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, балдырғандардың дамуына, көңіл күйін көтеру үшін бар жағдайды жасайтынын айтты. Ең бастысы, «Бақытты бала» іс-шарасына қатысқан балалар өздерін бақытты сезініп, қызық-қуанышқа кенелді.

Аделя САПАРБЕК, Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің студенті




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button