Басты ақпаратМәдениет

Қыс қызығы – сырғанақ



Әкімдік қыс мезгілінде бос уақытты пайдалы өткізу үшін мынадай орындарда сырғанақтар мен мұз айдындарын дайындады:

Байқоңыр ауданында: «Жастар» сарайы аумағында мұз айдыны мен 2 сырғанақ ашылды, сондай-ақ жаңа жылдық шырша орнатылды. К.Ататүрік атындағы саябақта мұз айдыны мен сырғанақ; «Жазушылар» аллеясы учаскесінде «Жаңа жылдық шар», Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндері орнатылды; Өндіріс елді мекені мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнатылды;   Кирпичный елді мекені мен Өндіріс елді мекенінде мұз айдыны мен сыр­ғанақ орнатылды; «Қазқалашық» елді мекенінде биіктігі 2 метр сырғанақ, 6 метрлік конустық шырша орнатылды;  «СМП» ТМ аумағында биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік конустық шырша орнатылды. Дәл осындай сырғанақ 126-көшеде орнатылды. «Қоянды» учаскесінде биіктігі 4 метр болатын сырғанақ орнатылды, мұз айдыны ауданы 240 шаршы метрді құрайды, сондай-ақ 5 метрлі шырша орнатылды.

Сарыарқа ауданында мына орындар бойынша 11 сырғанақ пен 4 мұз айдыны салынды: Бөгенбай батыр даңғылы, 43; Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11; Көктал саябағы; Кенесары хан ескерткішінің жанындағы Есіл өзенінің жағалауы; Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы.

Алматы ауданында 11 сырғанақ дайындалды. «Қазақ елі» алаңында, Триатлон саябағында, Пирамиданың артындағы саябақта, Оқушылар сарайының аумағында, «Нұрлы жол» вокзалының аумағында, Сарайшық шағын ауданында, тағы 5 сырғанақ Теміржолшылар, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурин елді мекендерінде.

Нұра ауданында да фотоаймақтар және 6 төбешік пен 2 сырғанақ ашылды: Орталық саябақ; «Хан Шатыр» сауда үйінің жанындағы аумақ; «Азия Парк» СОО Айтматов – Сығанақ қиылысы; Үркер елді мекенінің Айғыржал көшесіндегі алаң.

Есіл ауданында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін үш негізгі орындар ішінде ЭКСПО алаңы, Ботаникалық бақ және «Керуен» сауда үйі бар. Орталық алаңда да үлкен сырғанақ бар.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button