Ел тынысы

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы пайда болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылғы 27 қарашада Астанада жасалған. Ол достық қарым-қатынасты дамытуға, мәдени-гуманитарлық саладағы алмасу мен ынтымақтастыққа бағытталған.

Келісім екі мемлекет басшысының Қытай мен Қазақстанда теңдестірілген негізде мәдени орталықтар құру туралы келісімі аясында әзірленді. Олар жіберуші тарап аккредиттеген және қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде жұмыс істейтін болады. Мұндай орталықтардың құрылуы мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға серпін береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button