Ел тынысы

Реформалар әлемдік БАҚ назарында



Қазақстанның саяси және экономикалық реформалары ірі медиа-агенттіктің назарын аударды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Publicis groupe – 1926 жылы негізі қаланған компанияның бүгінде 100-ден астам елде кеңсесі бар әлемдегі екінші ірі медиа-агенттік.

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов «Publicis groupe» ірі медиа-агенттігінің басшылығымен кездесу өткізді. Пікір алмасу кезінде дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндап, топ-менеджерлердің назарын алдағы жылдары экономика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, логистика, АT, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаһандық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа үкіметтің алдына қойылған міндеттерге аударды.

«Тараптар сонымен қатар халықаралық сипат алған ағымдағы ахуал жайлы пікір алмасты. Бұдан бөлек, С. Бұршақов Астана халықаралық форумының жұмысымен таныстырып, медиа-менежерлерді «Адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ұлттар бірлестігі: Бірге үздік әлем құрамыз» атты тақырыпта өтетін ауқымды шараға қатысуға шақырды. Форумға қатысуға қызығушылық танытқан «Publicis groupe» Президенті Йорам Бауман еліміздегі адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістерге оң бағасын берді», – делінген хабарламада.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button