Ел тынысы

Республикалық олимпиада аяқталды



Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған еліміздің барлық аймақтарынан 314 оқушы қатысты.

Барлығы 138 марапат сарапқа салынды: бірінші орын – 28, екінші орын – 45 және үшінші орын – 65.

Марапаттау рәсімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов сөз сөйледі.

Сіздер күрделі тапсырмаларды шешуде нағыз шеберлік пен білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Бүгінгі жеңістеріңіз білім жолында жаңалықтар ашатын ұзақ та қызық жолдың бастамасы болсын. Ғылым мен білім әлемінде алдағы уақытта да табыстар, жаңа биіктер мен ұмытылмас сәттер тілеймін, – деді марапаттау рәсімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық командалар марапатталды:

III орын – «РФММ» КеАҚ, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;

II орын – Алматы қаласы мен Павлодар облысы;

I орын – Астана қаласы, Ақтөбе мен Түркістан облыстары.

Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы жеңіп алды.

Айта кетсек, 7-8 сынып олимпиаданың бастапқы кезеңіне 95 282, облыстық кезеңге 9 599 оқушы қатысты. Бұл көрсеткіштер жарыстың жоғары деңгейін және олимпиаданың маңыздылығын көрсетеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button