Ел тынысы

«Резеңке пәтерлер»: 1 пәтерге 1000-ға жуық адам тіркелген



Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бірақ онда бір ғана отбасы тұрған. Алматы облысында да осындай 13 мың факті анықталды.

Ал жалпы прокурорлар жалған мекен-жайлар бойынша және «резеңке пәтерлерде» тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.

Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Кеше Бас прокуратура алқасының отырысында орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралған болатын. Осы және басқа да деректер сол жиында айтылды.

Қазіргі жағдайда көші-қон процестерін тиімді басқару елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз етудің негізгі элементіне айналып отыр.

Осыған байланысты алқа қорытындылары бойынша шекаралардың инженерлік-техникалық қорғалуын нығайтуды, ақпараттық жүйелерді жаңғырту мен интеграциялауды, сондай-ақ заңнамалық түзетулерде көзделген жаңа ережелерді іске асыру шараларын пысықтауды көздейтін кешенді шаралар әзірленді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button