Мәдениет

Сәкеннің ізбасарлары сурет салды



Қазақтың біртуар ұлы, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай елордалық студенттер мен оқушылар арасында «Ұлы тұлғалар келбеті» атты сурет салу байқауы өтті. Оған 80-нен астам өнерлі жас қатысты.

Байқаудың қазылар алқасы елге танымал суретшілер, өнер қайраткерлері болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Камила Маукен иеленіп, дипломмен және 30 000 теңге сыйақымен  марапатталды. 2-орынға екі қатысушы – «Шабыт» колледжінен Аружан Қожабергенова және Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Жансая Тұрар  ие болды. Оларға  диплом және 20 000 теңге сыйақы табысталды. 3-орынды  бөліскендер – «Тұран Астана» университетінің студенті Рамазан Набиев, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Камила Акентаева мен Рахат Баталов. Олар арнайы диплом мен 15 000 теңгені жеңіп алды.

Сондай-ақ байқауға қатысқан оқушылар арасынан жүзден жүйрік шыққан талабы таудай оқушылар бар. 1-орынды иеленген Қоянды ауылы №2 орта мектеп оқушысы Аяулым Омарбекқызына диплом және 5 000 теңге сыйақыны табысталса, 2-орынға лайықты деп танылған №60 мектеп-лицейінің оқушысы Айкүн Ержанқызына диплом мен 4000 теңге табыс етілді. 3-орынды  жеңіп алған №87 мектеп-гиманазиясының оқушысы Саид Тнеев дипломмен және 3000 теңге сыйақымен марапатталды. 20 000 теңге сыйақымен қоса Асқар Сарсенбеков атындағы арнайы жүлдеге Қоянды ауылы №2 орта мектебінің оқушысы Айдамира Тұрар лайықты деп танылды. Сурет өнерінде бағын сынаған бірнеше елорда студенті Алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ, осы байқауға қатысқан барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Гүлден Ерболқызы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button