Ел тынысы

Сарбаздарды медициналық тексеру цифрландырылды



Елордада әскерге шақырылушылардың медициналық тексеру процессін цифрлық форматқа көшіру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
-Жобаны цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы елордалық мәслихаттың қолдауымен іске асыруда. Бастама әскери-дәрігерлік комиссия жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық тексерулер тезірек және ыңғайлы болады деп күтілуде, – деді ол.
Дәрігерлер электронды медициналық жазбалардың арқасында әскерге шақырылушылардың денсаулығына қатысты мәселелерді дәлірек анықтай алады. Сондай-ақ, бұл мамандар мен медициналық комиссия арасында ақпарат алмасуды жеңілдетеді, бұл әскерге шақырылушылардың жағдайын диагностикалау және бағалау процесін жеделдетеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button