Ел тынысы

Сарыарқа ауданында аялдамаларға санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде



Елорданың Сарыарқа ауданында аялдама павильондарын санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Аудан аумағында 64 жабық типті аялдама кешені бар. Ал әкімдік балансындағы 51, демеушілер қаражаты есебіндегі 11 аялдама орналастырылған. Бұл аялдамалар жылыту, бейнебақылау, жарықтандыру, электр қуаты, ауа баптау жүйелерімен жабдықталған.

«Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар ақауларды анықтауға күн сайын мониторинг жүргізеді. Істен шыққан жабдықтардың көлеміне байланысты 1-7 күн ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі» , – деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Айта кету керек, аялдама кешендеріне мердігерлік ұйымдар шарт бойынша қызмет көрсетеді. Тиісті санитарлық нормаларды сақтау үшін екі ауысымда бригадалар жұмыс істейді, олар аялдамаларды қоқыс пен кірден тазалайды. Санитарлық тазалау екі кезеңге бөлінген: механикаландырылған жинау (қоқысты шығару, сыпыру) және ылғалды жинау (барлық жерді сумен сүрту). 51 жылы аялдама павильонын жинау 2 күн ішінде аяқталады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button