Ел тынысы

Сарыарқа ауданында жылы аялдамаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданының аумағында жылы аялдама кешендерін абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ауданда жабық үлгідегі 68 аялдама кешені бар, олардың 57-і аудандық аппараттың балансында, ал 11-і демеушілердің қаражаты есебінен абаттандырылған. Аялдамалар жылыту, бейнебақылау, жарықтандыру және электр қуаты жүйелерімен жабдықталған.
Биыл 5 жылы аялдама кешенін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «65 мектеп», «Рио-де-Жанейро» ТК, «Астана технопаркі» аялдамасы, «Мирный дом» ТК және «Чехов көшесі» аялдамасы орнатылды. Қазіргі уақытта №94 мектеп-гимназиясы аялдамасын орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, ескі жылы аялдама павильондарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында жарықтандыру жүйесін толық ауыстыру, жаңа кондиционерлер мен жылытқыштарды орнату, толық бояу, едендерді ауыстыру, сондай-ақ жаңа резеңке төсеніштерді орнату қарастырылған.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button