Ел тынысы

«Сарыжайлау» этнолагері: салт-дәстүр мен робототехника

Астанада оқушыларды жан-жақты дамытатын, яки салт-дәстүр мен робототехниканы қатар үйрететін лагерь жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия жанында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жазғы «Сарыжайлау» этнолагері ашылды.
Сарыжайлау» этнолагерінде бірінші маусымда 300-ге жуық оқушы демалса, екінші маусымда 200-ге тарта оқушы қамтылған.
Этнолагерьге 1-8-сыныптың оқушылары барып жүр. Мектеп ауласына 2 киіз үй тігілген.
Күн тәртібі таңғы бимен басталып, лагерьде демалушылар «Қара жорға» биін билейді. Одан кейін «Салт-дәстүрлерді үйрену», «Қолөнер», «Ұлттық тағамдар», «Қыш өнері» сияқты шеберлік сабақтары өтеді.
Бұған қоса, «Ұлттық дәстүрін ұлықтаған ұрпақ» тақырыбында «Әжелер мектебінің» сабақтары, тоғызқұмалақ, бес асық сияқты ұлттық ойындар, робототехника және STEM сабақтары, домбыра мен ән сабақтары ұйымдастырылады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button