Ел тынысы

Сенат журналистерге арналған «Парасат» байқауын жариялады



Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды.

 Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Анықтама телефондары: 74-72-27, 74-71-37.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button