Ел тынысы

Сенатта масс-медиа туралы заң мақұлданды

Бүгін сенаторлар «Масс-медиа туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырыс барысында депутаттар заң жобасын қарастырды және жақын арада Мемлекет басшысына қол қою үшін жіберілетін болады. Заң жобасы Президенттің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды қайта қарау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысы мен медиасфераның даму үрдісін ескере отырып қолға алынды. Жұмыс тобының құрамына медиа қоғамдастық өкілдері, сарапшылар, сонымен қатар кездескен мәселелерді шешу мақсатында тиімді құқықтық тетіктерді әзірлеу үшін азаматтық қоғам өкілдері де тартылды. Жалпы, бүгінге дейін жұмыс тобының 57 отырысы өткізілді. Қазіргі уақытта заң жобасында журналист мәртебесін арттыруға, гранттық қаржыландыру тетіктерін реформалауға, қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған бірқатар негізгі новеллалар бекітілген.

Ұсынылып отырған новеллалар бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын ескіру мерзімдерін белгілеу, БАҚ сұрауларын қарау мерзімдерін қысқарту және т.б. тетіктерге де қатысты. Айта кетейік, аталмыш заңдар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге арналған. Сол себепті заңда бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мақсаттары, принциптері мен міндеттер бекітілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button