Ел тынысы

Шахматтан әлем чемпионына Астанадан пәтер берілді

Бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғыны, осы жылы шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекпен кездесіп, оған Астана қаласы шахмат федерациясының қолдауымен қаладан 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жас шахматшы 20 жасқа дейінгі FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 бәсекесінде алтын медальға ие болған еді. Маусым айында өткен чемпионатқа 120-дан астам қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер мен 27 халықаралық шебері қатысты.

-Қазыбекті, оның туыстарын, жаттықтырушысын және Қазақстан шахмат федерациясын айтулы жеңісімен құттықтаймын! Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз және шахматқа деген сүйіспеншіліктеріңіз қашанда құрметке лайық! Қазыбекке алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілеймін! Өз тарапымыздан шахматтан қала құрамасына көмек көрсетуді ары қарай жалғастырамыз, – деді әкім.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button