Ел тынысы

ШЫҰ: қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы пікір алмаспақ



Астана қаласында ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры қатысады.

«Отырыс барысында ағымдағы жылы Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарлануда. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады. Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімдерге қол қою, сондай-ақ Ақпараттық хабарлама қабылдау жоспарлануда», – деп хабарлады СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров кеше өткен дәстүрлі брифинг кезінде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button