Ел тынысы

ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.



Астана қаласында бүгін-ертең ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен өтетін іс-шараға ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры қатысады.
Бұл туралы өткен дүйсенбі күні Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында хабарлаған болатын.
«Отырыс барысында биыл Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарланған. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады. Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімге қол қою, сондай-ақ ақпараттық хабарлама қабылдау ескерілген», – деді ол.
Осы мақсатта кеше Астанаға Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді. Сондай-ақ, қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Онда бүгінгі жиынның дайындық жұмыстары пысықталды.
Кеңеске қол қоюға ұсынылатын негізгі құжаттардың тізбесі бекітілді. Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-дағы саясат, қауіпсіздік, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттарды қарастырды. Астана декларациясын, ШЫҰ-ның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасын, сондай-ақ өңірлік дамудың өзекті мәселелерін шешу бойынша Ұйымның ағымдағы қызметінің бірқатар басқа да құжаттарын дайындау жұмыстары жалғасты.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ШЫҰ-ға 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейін төрағалық етеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button