Ел тынысы

Сот орындаушысы баланың алиментін жымқырған



Нұра ауданының прокуратурасында бір жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқырған әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

ЖСО бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды.

Өндіріп алушы алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button