Білім

STEM-мен білім беру өзекті



Білім беру жүйесінде ғылыми терминдер атауы және соларға негізделген технологиялар көп. Солардың бірі – STEM технологиясы. STEM технология­сы – оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы.

STEM – математика, жаратылыстану және басқа да  пәндерді біріктіріп, солардың негізінде инновациялық дүние ойлап табуға ықпал ететін бірегей технологиялардың түрі. Ғылыми технологияның негізінде оқу үрдісінде дағдыларды қалыптастыруда STEM технологиясы мәселені шешу, шығармашылық, сыни талдау, топтық жұмыс, тәуелсіз ойлау, бастама, байланыс, цифрлық сауаттылық сияқты дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатта мектебімізде «STEM» жобалары жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Оқушылар мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс жасауымен 2023-2024 оқу жылында үлкен 5 топ құрылды. Әр топ ішінара 2 кіші топқа бөлінді. Ол дегеніміз 10 топ өз жобасы бойынша жұмыс жүргізді.

Мысалы, бір берілген тапсыр­ма – спагеттидің көмегімен әртүрлі форматта көпір жасау болатын. Қолданылатын материалдар – спагетти, желім және қажет болған жағдайда бояғыштар. Себебі көпірдің беріктігімен қатар сыртқы эстетикалық бейнесі сынға түсті.

Жоба барысында өзім 4-топтың құрамында болғандықтан, оның ішіндегі  4 «А» тобының жұмысына тоқталсам, оның құрамында 4 мұғалім Гүлнұр Смағұлова, Ақерке Жүсіпова, Әйгерім Жүнісбекова, Ержан Рүстемханов болды. Сондай-ақ 7 «З» сынып оқушысы Нұртілек Жұмаділ, 7 «З» сынып оқушысы Артур Шамсудинов, 7 «З» сынып оқушысы Альтаир Болатұлы мұғалімдермен бірге бірлесе жұмыс жасады.

Көпірдің аты – «Al dente». Яғни италия тілінде аударылғанда мынадай мағынаға ие: Аль-денте (италиянша. al dente – «тісте»; айтылады al dente) – спагетти немесе күріштің аспаздық дайындық күйі, тістеген кезде қатты болады. Көпіріміз – берік әрі мықты болсын дегендіктен, осындай атау берілді. Бұл атау оқушылардың креативтілік көзқарасымен ойлап табылды.

Өзге де топтағы көпірлердің өздеріне тән атаулары және төлқұжаттары бар. Барлығы ауқымды түрде өткен таныстырылымы қорғалып, жүргізілді. Бірлесе атқарған топтық жұмыстың жүйесін презентация кезінде оқушылар қорғап, айтып шықты. Оған қоса видеороликтер мен көпірдің құрылысы егжей-тегжейлі көрсетілді.

STEM жобасы көпір жобасымен ғана шектелмейді, алдағы уақытта жалғасын табады. Өйткені жүзеге асырар жобалар жоспары көп.

Ақерке ЖҮСІПОВА,

Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мүғалімі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button