Ел тынысы

Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдеу шаралары күшейтіледі

Үкімет отырысында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Балаларға қатысты жұмыс күшейтіледі. Басты міндет – жүзу аумағындағы қауіпсіздік және ересектер тарапынан қадағалау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сонымен қатар суға кеткендердің едәуір бөлігі мас күйінде болғанын атап өткен жөн. Бұл орын алған жағдайдың шамамен 60%-ын құрайды. Су айдындарында демалушылардың ішімдік ішу проблемасына назар аударылды. Мәселен, ішкі істер органдарының бөлімшелеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су жағасындағы демалыс орындарында ішімдік ішуге тыйым салу, әсіресе демалыс және мереке күндері патрульдеуді күшейту тапсырылды. Сондай-ақ су көлігін дұрыс пайдалану мәселелері де талқыланды.

«Көлік министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шағын көлемді кемелерді пайдаланылуды бақылау бойынша шаралар қабылдау тиіс. Адамдардың ақаулы кемелерге мініп, кейін қайғылы оқиғамен аяқталған жағдайлар аз емес. Бұл мәселеде қатаң бақылау қажет», — деді Үкімет басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button