Ел тынысы

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000 бала «Балдәуренде» демалды

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды, деп хабарлайды  Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді, әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

«Биылғы жылдың басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр», – деп хабарлады «Балдәурен» РОСО баспасөз қызметі.

 Айта кетейік, орталық әртүрлі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: білім беру, тәрбие, медициналық, дене шынықтыру кешендері. Анықтама үшін: Су тасқыны басталғалы бері түрлі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button