Ел тынысы

Сығанақ көшесіндегі қозғалыс уақытша өзгереді



LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, қалалық полиция департаментінің келісімі бойынша Сығанақ көшесіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгереді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәселен, 22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі учаскесінде Мәңгілік Ел даңғылының бағытының оңтүстік жағы бойынша қозғалыс ішінара шектелетін болады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай кері бағыт ашық болады.

24 мамырдан 20 маусымға дейін көше учаскесінде Түркістан Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығына дейін жолақтарды тарылту жолымен қозғалысты ішінара шектейді.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button