Ел тынысы

«Таза Астана» — жыл бойы жалғасатын жарқын жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өткені белгілі. Әу баста акция белгілі бір уақытпен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғассын тапса деген ұсыныс айтылған-ды. Мұны қаперіне алған Астана қаласының әкімдігі «Таза Астана» әлеуметтік жобасын қолға алып, елордалықтарды жобаға белсенді атсалысуға шақырып отыр.

Жобаның мақсаты қандай? Неге басымдық беріледі? Осы және өзге сауалдарға жауап іздегендерге «Өркен қала» ЖШС өкілдері арнайы жиын ұйымдастырды. Іс-шараға тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары, МИБ төрағалары, тұрғын үй орталығының және аудан әкімдіктерінің бірқатар маманы қатысты.

«Өркен қала» ЖШС басшысының орынбасары Гульвира Абетова жиналғандарға шырайлы шаһарды әрдайым таза ұстау үшін бір күндік сенбілік және айлықтар өткізумен шектеліп қалмау керек екенін жеткізді.

«Таза Астана» жобасына еріктілерді, қоғам белсенділерін, депутаттарды тарту көзделіп отыр. Әрине, қарапайым тұрғындар да қалыс қалмауы маңызды. Себебі, мақсат ортақ. Елорданың тазалығына әр тұрғын алаңдауға тиіс. Бұл ретте, тұрғындармен қарым-қатынас орнатуда тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері белсенді болуы керек. Осылайша, жыл бойы абаттандыру, көгалдандыру, тазалау жұмыстары жүйелі жүргізіледі деген сенімдемін», – деді Гульвира Абетова.

Жобаның тағы бір тиімділігі, көршілердің бірлігін арттырып, бір-бірімен баянды байланыс орнатуына да септігін тигізбек. Жасыратыны жоқ, кейбір тұрғындар үйдің тазалғына атсалысу былай тұрсын, көршілерін де танымайды. Мұны тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері де растап отыр. Олар тұрғындарда еріншектік басым екенін алға тартып, кондоминумның ортақ нысандарын күтіп-ұстауға атүсті қарайтынын да жасырмады. Бұл ретте, әлеуметтік жоба мұндай келеңсіздіктерді жоюға түрткі болады деп күтіліп отыр.

Белгілі болғандай, аулалардағы жұмыстардың сапасын бақылау үшін арнайы экологиялық комиссия құрылмақ. Олар ай сайын «ең үздік аула», «ең үздік ұйым» сияқты үздіктердің үздігін анықтап, тұрғындарды ынталандырып отырмақ. Алғыс хаттар өз алдына, бағалы сыйлықтар үлестірілетінін атап өткен жөн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button